Головкинмен кездесуі мүмкін Сондерс титулын қорғауға келісім берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, британиялық Билли Джо Сондерс америкалық Деметриус Андрэйдтен титулын қорғап, жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жуырда WBO Сондерс пен Андрэйдке жекпе-жек туралы келісімге келу үшін 10 күн мерзім берген болатын. Егер боксшылар келісімге келе алмаса, жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылуға тиіс-тін. Бұдан бөлек, WBO ең төменгі мөлшерлемені 200 мың доллар деп белгіледі.

«Андрэйдпен қыркүйекте кездесуге дайынмын. Менің менеджментім мен промоутер Фрэнк Уоррен осы жекпе-жекті ұйымдастыратынына сенімдімін. #алкеттік», - деп жазды ол Туиттерге.

Бұрын Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварестен кейінгі қарсылас британиялық Сондерс болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар