Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.14 EUR 429.42
RUB 5.68 CNY 55.56
Jańalyqtar

Головкинмен келіссөздер басталды: Альварестің промоутері трилогия жөнінде айтты

2019 жылғы 14 қаңтар 02:40 390
Бөлісіңіз:
Головкинмен келіссөздер басталды: Альварестің промоутері трилогия жөнінде айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварестің (51-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя боксшының алдағы жоспарлары және Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Канело» мен Головкин 2019 жылы кездесуі мүмкін

«Синко де майо» - Лас-Вегаста өтетін бокстағы ең үлкен уик-энд. Сондықтан біз Головкинмен келіссөздерді бастадық. Дегенмен, «Канело» барлығы үшін ашық. «Канело» ең мықты атану үшін кіммен болса да кездесуге дайын. Келіссөздер қайда алып келетінін көреміз. Боксшының беделі сарапқа салынғалы тұр. Ал «Канело» өте тәкаппар боксшы. Сондықтан, барлық айқастарына жақсы дайындықпен келеді. Ол әлі де жас, бар болғаны 28-де, алдағы жолы ұзақ. Дегенмен, ол ең мықтылармен жұдырықтасқысы келеді», - деді Де ла Хойя.

Еске салайық, бұған дейін Оскар де ла Хойя Твиттердегі аккаунтында Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомеске Головкинмен келіссөздерді бастау туралы тапсырма бергенін жазған болатын.

Бұдан бұрын үшінші айқас 4 мамырда Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін екені айтылды. Қазақстандық және мексикалық боксшылардың бірінші және екінші жекпе-жектері сонда өткен еді.

Головкин-Альварес ықтимал трилогиясына кейбір букмекерлік кеңселер мынадай котировка ұсынуда: Альверістің жеңісі - 1.47, Головкиннің жеңісі - 2.7 және тең нәтиже - 25.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT