Головкинге мол табыс әкелетін жекпе -жек ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ShadowBox TV Youtube арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) британдық кіші Крис Эубанкпен (30-2, 22 КО) жекпе-жегінің артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл стадионда жеңіл аншлаг болар еді, әрине, «Уэмблиде» емес, O2 Arena сияқты кішірек стадионда. Өйткені билеттер оңай сатылады», - деген сенімде телеарна авторы.

Еске сала кетсек, кіші Крис Эубанк орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион. Ал Геннадий Головкин IBF және IBO титулдарына ие.



Соңғы жаңалықтар