Головкинге «Канелоның» орнына басқа үш қарсылас табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingnews24.com журналисі Майкл Малашчик мексикалық Сауль «Канело» Альварестің орнына қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингте кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкин үшін 160 фунтта үлкен айқастар бар: Джермалл Чарло және Деметриус Андраде. Сонымен қатар ол өзінің жеңістер тізіміне Хайме Мунгияны да қоса алады», - деді автор.

Чарло – WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Андраде — WBO чемпионы. Головкинге келер болсақ, ол да 160 фунттағы екі чемпиондық белдіктің – IBF және IBO иегері. Әзірге Геннадийдің жоспарында желтоқсанға өтетін Риота Муратамен болатын жекпе-жек қана.




Соңғы жаңалықтар