Головкинге «Канеломен» жекпе-жекте қандай тәсіл қолдану керек -маман пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс Геннадий Головкинге рематч кезінде Сауль Альвареске қандай соққылар жұмсау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин негізінен «Канелоның» денесіне көп соққы жұмсау жағына көңіл бөледі деген ойдамын. Өйткені бұл соққылар GGG үшін өте жеңіл болмақ. Головкинге қарсыласының басына дәл соққы тигізу қиынға соғады. Себебі «Канело» одан қорғану үшін көп қимыл жасайды. Головкиннің «Канело» қашып құтыла алмайтын соққылары әрине, сол дене тұсы болуы керек. Головкин де сол тұсты көбірек көздейтін болады, яғни ол негізінен төменгі қабатта жұмыс істейді»,-деп жазады автор.

«Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Profit Betting букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфиценттерді ұсынып отыр. Головкиннің жеңісі - 1.63, Альварестің жеңісі -2.57, тең нәтиже -21.

Соңғы жаңалықтар