Головкинге Альваресті нокаутпен жеңу керек - Дэн Эмброуз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альваресті нокаутпен жеңсе, кәсіби бокстың шыңына шыға алады. 

Мұндай пікірді Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброуз білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Егер Головкин Альваресті нокаутпен жеңсе, онда ол бокстың шыңына көтеріледі. Бәлкім, PPV (pound-for-pound) рейтингісінде бірінші орынға шыға алады. Бұл жекпе-жекте нокаут Головкинге үлкен атақ-даңк әкеледі. Себебі осы уақытқа дейін "сарыбас" мексикалық жұлдызды әлі ешкім нокаутқа жіберген емес. Головкин таза нокаутпен жеңсе, бокс әлемінде үлкен өзгерістер болады. Бұдан бөлек, Golden Boy үшін "Альваресті реванша шығарайық па, жоқ па?" деген үлкен диллема туындайды. Себебі Сауль тағы нокаут алса, оның бүкіл спорттық мансабы нокаут алғандай болады. Ол PPV жұлдызы атағынан да айырылады", - деп жазды Эмброуз.

Оның ойынша, Альварестің күл-талқанын шығарғаннан кейін Головкин соңғы белбеуді алса, абсолютті чемпион әрі кәсіби бокстың жарқын жұлдызына айналады.

Айта кетейік, бұған дейін WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен де Головкин- Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы соңғы белбеуді алуға тырысатыны жайында айтқан.

Ағымдағы жылы 16 қыркүйекте өтетін аталған жекпе-жекке жанкүйерлердің рекордтық саны келетіні болжануда.

 

Соңғы жаңалықтар