Головкинді жекпе-жекке шақырған әлем чемпионы Қанат Исламмен айқасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рингке оралған мексикалық боксшы Хайме Мунгия (34-0, 27 КО) 11  қаңтарда Сан-Антониода (АҚШ)  шаршы алаңға шығатын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ онымен жекпе-жекке шығатындардың тізімі іріктелген. Мунгия кезекті айқасына байланысты бірінші орта салмақта ма, әлде орта салмақта бағын сынай ма, әзірге бір шешімге келе қойған жоқ.

Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсияның болжамынша, егер ол 160 фунтқа көтерілер болса, Джефф Хорн, Уолтер Каутондоква, Лиам Уильямс, Имманувел Алим, кіші- Уго Сентено, Энтони Фаулер және Брэндон Адамспен бақ таластыруы мүмкін.

Сондай-ақ оның тізімінде қазан айында төрешілердің бірауызды шешімімен намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам Ислам да (27-0, 21 КО) бар.

Соңғы жаңалықтар