Головкинді IBF титулынан айыру мәселесі келесі аптада шешіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN журналисі Дэн Рафаэль Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді осы тұжырымның титулынан айыру не айырмау мәселесі бойынша өткен тыңдалым туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен реванш өткізе алмайтын болған соң, IBF белдігін украиналық Сергей Деревянченкодан (12-0, 10 КО) міндетті түрде қорғауы қажет еді.

«IBF тыңдалымы төрт жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Оған: екі боксшы, GGG бапкері Абель Санчес, GGG промоутері Том Леффлер, GGG адвокаттары - Пэт Инглиш пен Рон ДиНикола, Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла, менеджері Кит Конноли және адвокаты Алекс Домброфф қатысты. Екі тарап та осы мәселе жөніндегі өздерінің ұстанымын айтып, IBF комиссиясының үш мүшесінің сұрақтарына жауап берді. Шешім келесі аптада шығарылады», - деп жазады Рафаэль.

Соңғы жаңалықтар