Головкинді еш жеңілмеген әлем чемпионымен айқасқа шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) WBO нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамиреспен (39-0, 25 КО) титул үшін жекпе-жекке шығу ұсыныс түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Рамирестің бапкері Эктор Сапари  Головкинге тездетіп шешім қабылдауға асығуды, сондай-ақ «Сурдо» клиенті болып табылатын ESPN телеарнасына қосылуға кеңес берді.

« Егер Головкин супер орта салмаққа көтерілер болса, онда Рамирес дивизионда тағы бір шоу өткізер еді. Менің ойымша, бұл барлық жанкүйерлер үшін өте керемет жекпе-жек болады»,-деді Сапари.
Головкиннің рингке оралуы алдағы жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар