Головкин журналисті жаттықтырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) кезекті жаттығуы кезінде Youtube-тегі Montero On Boxing арнасының авторы, журналист Майкл Монтероға назар бөлді, деп хабарлайды Sports.kz .

Головкин Монтероға мойын бұлшықеттерін күшейту жаттығуын жасап көруді ұсынды.

«Маған сенсеңіз, бұл оңай жаттығу емес, әсіресе бойы ұзын жігіттерге қиынға соғады. GGG - айбарлы», - деп жазды журналист Туиттерге жария еткен суретіндегі жазбасында.
Ол бір апта бұрын Головкиннің алдағы жекпе-жегі туралы шолу жасап шыққан болатын.

Еске сала кетсек, Головкин рингке 18 наурызда шығады, Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасады.
 

Соңғы жаңалықтар