Головкин жеңісі туралы: Мен үшін бұл үлкен сюрприз болған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, жекпе-жек бүгін Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

«Мен үшін бұл үлкен сюрприз болған жоқ, бұл кәсібиліктің жоғары деңгейі. Камил Шеремета - өте жақсы боксшы. Мен өзімді жайлы сезінудемін, себебі көп жұмыс жасадым және оған менің уақытым болды. Менің қасымда көптеген жақсы адамдар бар. Мен өзі командаммен мақтанамын!», - деді Геннадий жекпе-жектен кейін.

Бокс кешінде IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды.

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясында бірқатар сұраққа жауап беріп өзінің спорттағы арманы туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар