Головкин жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35КО) қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) көз арбасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қос боксшы бүгін АҚШ-тың Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатына қатысты.

Головкин жанкүйерлерге тамаша шоу көрсетуге уәде берді. Ал қарсыласы Шеремета полша спортына үлкен жеңіс сыйлайтынына сенімді.

Айта кетейік, Головкин-Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін 19 желтоқсанда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында таңғы 4-тен бастап тікелей эфирде көре алады.

Бокс кешін GGG Promotion және Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы бірігіп ұйымдастырып, DAZN стриминг сервисінде көрсетіледі. Сондай-ақ, басты жекпе-жектің бірінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Эквадор өкілі Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар