Головкин жапон боксшысы Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық боксшы Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) әзірге өз клиентімен күрескісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бельтранның айтуынша, Головкин WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы – жапон боксшысы Риота Муратаға (16-2, 13 КО) қарсы жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.

«Головкин жапон боксшысын қарсыласы етіп таңдады. Ол – чемпион, сондықтан бұның да рөлі зор. Оның таңдауын құрметтеймін», – деді Бельтран.


Соңғы жаңалықтар