Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 24 °С
Алматы: 30 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

2017 жылғы 17 қыркүйек 10:23 1817
Бөлісіңіз:
Головкин жанкүйерлеріне қазақ тілінде алғыс айтты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске (49-1-1, 34 КО) қарсы бүгінгі жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин өз жанкүйерлеріне қазақ тілінде сәлем жолдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз сөзінде GGG мексикалықтарды ұлттық мейрамдарымен құттықтап, бокста мексикалық стильді ұстанатынын тағы бір мәрте мәлімдеді. Осыдан кейін қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын білдіріп: "Рақмет, жігіттер!", - деп өзінің ыстық сәлемін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі жекпе-жекте екі боксшы тең түсті. Геннадий Головкин алғаш рет қарсыласымен тең түсіп отыр. Соған қарамастан, GGG барлық белбеулерін сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екен жеткізді.

Айта кетейік, WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қазақстандық фанаттары өз жерлесіне қолдау көрсету мақсатында шеру ұйымдастырды. Аталған шара АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат