Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Головкин жаңа бапкерімен жұмысы және өзгерістер туралы айтты

2019 жылғы 16 мамыр 10:35 512
Бөлісіңіз:
Головкин жаңа бапкерімен жұмысы және өзгерістер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ring TV-ге берген сұхбатында жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен алғашқы жұмыс аптасынан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ Big Bear City-да қалып, жаттығу орнын ауыстырмау себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин мен Роллстан антидопинг сынамасы күтпеген жерден алынады Головкиннің жаңа бапкері оның бокстан қашан кететіндігіне қатысты айтты

GGG бұрынғы бапкері Абель Санчеспен келісімшартты үзгеннен кейін аты аңызға айналған Шейн Мозлидің лагеріне көшіп, Бэнкстің басшылығымен 8 маусымда Стив Ролсспен өтетін айқасқа дайындалуда.

«Мен өзімді жайлы сезінемін. Дайындықты толықтай өзгертетін уақытымыз болған жоқ. Big Bear-ды жақсы білемін, сондықтан осында өзімді жайлы сезінемін. Мен Санта-Моникада жаттықпаймын. Неліктен Big Bear? Мұнда мен толықтай дайындыққа кірісіп, өзімді жаттығу процесіне толығымен арнай аламын.

- Бұрынғы бапкерің жақын жерде жүргенін және онымен кездесіп қалуың мүмкін екенін біле тұра өзіңді қалай сезінесіз?

- Мен ол туралы мүлдем ойламаймын. Бұл мәселе мені толғандырмайды. Егер кездесіп жатсақ, қорқынышты ештеңе болмайды. Менің тарапымнан ештеңе болмайтынын нақты білемін.  

- Джонатон Бэнкспен жаттығулар қалай өтіп жатыр?

- Қызықты. Ол көп нәрсеге басқаша қарайтын адам. Оны бақылаған қызықты. Бұл өз жемісін береді деп ойлаймын. Өзім үшін жаңа дүниелер алатыныма үміттенемін.

Өзімді студент секілді сезінгім келетінін айттым. Көп нәрсе үйренгім келеді. Себебі бокс саласының шегі жоқ және ол түрліше болғандықтан, үнемі өзіңді жетілдіріп отыруың керек. Мен өзімді бокстағы студент ретінде сезінгім келді. Джонатон бокстағы кейбір сәттерге басқаша қарайтыны қуантады.

- Үйреніп үлгерген жаңа, қызықты дүниелер бар ма? Құпияңмен бөліссең.

-  Қазір үйреніп жатқандарымды  8 маусымдағы айқаста көрсете аламыз деп ойлаймын. Барлығы ойдағыдай өтіп, келесі жекпе-жекте көрсететін боламыз деп үміттенемін.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT