Головкин жаңа бапкерімен қалай жұмыс істеп жатқанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен ынтымақтастықтың қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Джонатонның жұмыс істеу әдісі басқа бапкерлерге ұқсамайды. Ол барлығын бақылап, сезіп тұрады. Мен одан көп дүниені үйрендім деп ойлаймын. Себебі, мен қазір басқаша қалай бокстасуға болатынын көріп жатырмын. Барлығын жүз пайыз өзгертіп тастаған жоқпыз! Мен өзгерістер болатынына және жұмысымыздың өз жемісін беретініне сенемін», - деді Головкин.

Геннадий Головкиннің Джонатон Бэнкс басшылығындағы алғашқы жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йоркте өтеді. Ол канадалық Стив Роллспен айқасады.

Соңғы жаңалықтар