Головкин WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионымен айқасуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO титулының иегері Деметриус Андраденің жекпе- жегін өткізуге ниетті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин мен Джайме Мунгия - тамаша қарсыластар. Бірақ егер Билли Джо Саундерс Саул Альвареспен айқасқан жағдайда Андраде Головкинмен кездесуі керек деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бұл орта салмақтағы жекпе-жек, әрине, қызықты болатындығы рас.

Ал Деметриус Андраде үнемі үлкен айқасты іздеп жүреді. Егер ол Головкинмен кездеспеген күнде, Лиам Уильямспен жекпе-жекке шығады. Айтпақшы, бұл айқастың да жанкүйерлер көңілінен шығатындығы сөзсіз», - деді Эдди Хирн.


Соңғы жаңалықтар