Головкин WBA рейтингінде бұрынғы позициясын сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) ай сайынғы рейтингінің соңғы нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингте орта салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин екінші орынды сақтап қалды. Дивизионда бірінші орында Давид Лемье болса, үздік үштікті Польша өкілі Камил Шеремета түйіндеп тұр. Орта салмақ дәрежесінде «суперчемпион» атағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске, ал Regular титулына америкалық боксшы Роб Брант ие.

Еске сала кетейік, WBA рейтингінде бірінші ауыр салмақтағы «қарапайым» әлем чемпионы біздің отандасымыз Бейбіт Шүменов болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар