Головкин, үшінші жекпе-жекке дайын болған кезде келерсің - Де Ла Хойя

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions (GBP) промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) бұдан былай қаржылық жағынан жеңілдік жасалмайтынын анық ұқтырып отыр. Егер ол GBP жұлдызы, WBC, WBA Super мексикалық чемпионы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекке келіссе, тек өзіне ұсынылған талаптар бойынша ғана жұдырықтасатын болады, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетейік, Альвареспен реванш кезінде Головкин жүлде қорының 45 пайызын өз қалтасына салған болатын. Ол жекпе-жек 2018 жылдың қыркүйек айында өтті және мексикалық боксшының жеңісімен аяқталған. Қос тарап та үшінші айқастың болғанын қалайтын сыңайлы, ал 2017 жылы өткен бірінші жекпе-жекте екеуі тең түскен еді.  

«GBP президенті Эрик Гомес Головкиннің промоутері Том Леффлермен үнемі байланыста, - деді Де Ла Хойя FightHub берген сұхбатында. - Әзірге Альварес салмақ бойынша жоғары көтеріліп, 76,2 кг салмақта титулды жеңіп алуға тырысады (ол 15 желтоқсанда Нью-Йоркте Рокки Филдингпен бокстасады). Сөйтіп Головкин істемеген нәрсені істейді. Егер Альварес жеңсе, орта салмаққа қайта оралады және үздіктердің үздігімен қайта кездеседі».

«Егер үшінші айқас Головкинді шынымен де қызықтырса, мен оның бүгінгі нарыққа сай құнын, яғни сұрайтын гонорарын шамалап отырмын. Егер ол біз ұсынған сома үшін айқасуға келіспесе, онда қалаған адамымен жұдырықтаса берсін. Қазір мен ол соманы айтуға дайын емеспін, бірақ өзіңіз қараңызшы - Альварес бүгінде өміріне дән риза. Әзірге Головкин басқа жолдарды қарастырып жатыр. Мен оған былай дер едім - «Головкин, дайын болған кезде, кел де, жай ғана есігімді қақ», - деп мәлімдеді Де Ла Хойя.

Соңғы жаңалықтар