Головкин үш титул үшін айқас алдында фанаттарын қанаттандырды
2022 жылғы 26 наурыз 13:51

Головкин үш титул үшін айқас алдында фанаттарын қанаттандырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) BBC Radio 5 Live арнасына берген сұхбатында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) алдағы жекпе-жегі жанкүйерлердің көңілін қалдырмайтынына уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Муратамен жекпе-жегің қалай аяқталатынын айтшы.

- Бұл айқас қиын, бірақ қызықты. Яғни, бокс жанкүйерлеріне ерекше сыйлық. Әрине, жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін. Драма, Big Drama! Бұл жұдырықтасудың сіздерге ұнайтынына уәде беремін! Тіпті жылдың үздік айқасы болуыда ықтимал.

Головкин - Мурата жекпе-жегі 9 сәуір күні Сайтамада (Жапония) өтеді. Боксшылар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарындағы чемпион атағы үшін күреседі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT