16:08, 28 Қараша 2021 | GMT +6
Головкин Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге дайын екендігін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға барып, екінші айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Егер үстелімнің үстінде қызықты ұсыныс болса, Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге сұраныс болса, оны қарауға дайынмын. Себебі, онда менің ең көп жанкүйерлер тобымның бірі бар», - деді Головкин.
Еске салайық, 39 жастағы қазақстандық Ұлыбританияда 2016 жылы айқас өткізді. Головкин жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.