Головкин титул үшін айқасатындығын ресми жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің титул үшін айқасатындығын ресми жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«7 қазанда өте тамаша жекпе-жек болады. Әрқашан рингке шыққан сайын мен өз фанаттарым көргісі келетін айқас өткізуге тырысамын. «Big Drama Show» рингке қайта оралатын болады»,-деп жазды Головкин өзінің Twitter-аккаунтында.

Қазақстандық боксшы украиндық Сергей Деревянченкомен IBF титулы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек қазан айында Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Еске сала кетсек, мұның алдындағы айқас та Нью-Йоркте болған еді. Ол жолы қазақстандық канадалық Стив Роллсті төртініші раундта нокаутқа түсірді.



Соңғы жаңалықтар