Головкин The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксқа маманданған белгілі The Ring журналы салмақ санатынан тыс әлемнің үздік боксшыларының (pound-for-pound) тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орында украиналық Василий Ломаченко келеді, үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түгендеген.

ТОП-10 тізімінің төменгі бөлігі өзгеріске ұшыраған: Элейдер Альварестен жеңілген Сергей Ковалев үздік ондықтан шығып қалды, оның орнына, тоғызыншы сатыға Донни Ньетес келіп орналасты. Үздік он боксшылар тізімін Лео Санта Круз қорытындылады.

P4P рейтингінің үздік ондығы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (2). Василий Ломаченко (Украина)
3 (3). Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4 (4). Александр Усик (Украина)
5 (5). Майки Гарсия (АҚШ)
6 (6). Наоя Иноуэ (Жапония)
7 (7). Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)
8 (8). Эррол Спенс (АҚШ)
9 (10). Донни Ньетес (Филиппины)
10 (-). Лео Санта Круз (Мексика)

Соңғы жаңалықтар