Головкин танымал басылымның P4P рейтингінің үздік бестігінен тыс қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік танымал басылым BoxingTalk.com салмақ санатынан тыс (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Тізім басында украиналық спортшы Василий Ломаченко тұр. Екінші орында америкалық Теренс Кроуфорд, тағы бір украин боксшысы Александр Усик үздіктер үштігін түгендеген. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жетінші, ал оның қазірге дейінгі соңғы қарсыласы Сауль Альварес алтыншы орында.

BoxingTalk.com ұсынған үздік 20 боксшы:

1. Василий Ломаченко (Украина)

2. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

3. Александр Усик (Украина)

4. Майки Гарсия (АҚШ)

5. Эррол Спенс (АҚШ)

6. Сауль Альварес (Мексика)

7. Геннадий Головкин (Қазақстан)

8. Наоя Иноуэ (Жапония)

9. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)

10. Кит Турман (АҚШ)

11. Лео Санта Крус (Мексика)

12. Джарретт Хёрд (АҚШ)

13. Эрисланди Лара (Куба)

14. Шон Портер (АҚШ)

15. Дэнни Гарсия (АҚШ)

16. Джермалл Чарло (АҚШ)

17. Донни Ньетес (Филиппин)

18. Мэнни Пакьяо (Филиппин)

19. Александр Гвоздик (Украина)

20. Элейдер Альварес (Колумбия).

Соңғы жаңалықтар