Головкин соққысы мықты боксшылардың ТОП-3-тігіне кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық рэпер Глассес Мэлони соққысы ең мықты боксшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша, орташа салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) бұл рейтингте аса ауыр салмақтағы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) мен Энтони Джошуаға  (21-0, 20 КО) жол беріп үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал төртінші орынды Адонис Стивенсон (29-1-1, 24 КО) мен Джервонта Дэвис (20-0, 19 КО) бөлісті.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Головкиннің Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекке жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар