Jańalyqtar
Головкин-Шеремета кешінде тағы бір қазақстандық жекпе-жек өткізеді
2020 жылғы 5 желтоқсан 12:33
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсанда Голливудтың (Флорида, АҚШ) «Seminole Hard Rock Hotel & Casino» аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Жерлесіміз бұл күні өзінің міндетті қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Басты жекпе-жектердің бірінде тағы бір қазақстандық – екінші орта салмақтағы боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Эквадор өкілі Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионы атанады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Әли екінші орта салмақта WBC International Silver чемпионы атағына ие.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Теннисші Александр Бублик рейтингіде 45-орынға көтерілді
- Үстел теннисінен Қазақстан чемпиондары анықталды
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
-
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER