+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Головкин салмақ санатынан тыс үздік боксшылар рейтингінде рекорд орнатты

2019 жылғы 8 қараша 18:42
Бөлісіңіз:
Головкин салмақ санатынан тыс үздік боксшылар рейтингінде рекорд орнатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) қазіргі боксшылар арасында The Ring журналының P4P рейтингінде ең ұзақ тұрақтаған спортшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Вице-министр Елдос Рамазанов Көкшетаудың спорт нысандарының жағдайымен танысты Никита Чирюкин нысана көздеуден екі дүркін Азия чемпионы атанды Тамара Олжабаева жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының финалына өтті

Үздік боксшылардың ондығына Головкин 249 апта бұрын кірген, ал қазір жетінші орында. Үздіктер қатарында жүргендердің тағы бірі - WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО), оның осы тізімге қосылғанына 238 апта болыпты.

Мықтылар тізімінің үшінші өкілі - жеңіл салмақ санатында WBC, WBA (Super) және WBO чемпионы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО). Тізімге 180 апта бұрын кірген украиналық боксшы, қазір екінші орында тұр.

P4P рейтингінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) көш бастап тұр. Орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super), екінші орта салмақта WBA (Regular) және жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы тізімінде тұрғанына енді ғана 61 апта болды, өйткені 2018 жылғы допинг дауынан кейін тізімнен шығып қалған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT