Головкин-Роллс айқасының эфирден қай уақытта берілетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс айқасының тікелей эфирден берілетін уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Qazsport" арнасының директоры Павел Цыбулин Sports.kz-ке берген сұхбатында мәлім еткен.

"Бақтияр Эюбов пен Әли Ахметов арасындағы айқас нешеде берілетіні әзірге белгісіз. Ол тек 8 маусым күні белгілі болады. Алдын ала мәліметтер бойынша олар Генаның жекпе-жегі алдында бірінен кейін бірі айқасатын болады. Ал Головкин эфирге таңғы 9:00 және 9:30 аралығында шығатынын нақты айта аламыз", - деді ол.

Айта кетейік, Головкин - Роллс жекпе-жегінің көрсетілімі 9 маусым күні «Qazsport» телеарнасынан Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 06:00-ден басталады.

Соңғы жаңалықтар