Головкин - Роллс айқасын қайдан тамашалауға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Qazsport» телеарнасы Головкин - Роллс жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді. «Madison Square Garden-дегі» (Нью-Йорк) бокс кеші 9 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 06:00-де басталады. GGG-дің қатысуымен өтетін айқас 09:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, жекпе-жек кешінің андеркардында қазақстандық Әли Ахмедов америкалық Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2КО), Бахтияр Эюбов АҚШ-тың тағы бір өкілі Брайан Себальомен (8-0, 4КО) кездесетіні жоспарланған.

Ә.Ахмедов WBC титулы үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Головкин мен Роллс Нью-Йорк көшесінде көз арбасу рәсімін өткізді. Сондай-ақ GGG болашақтағы жоспарымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар