Головкин рематч туралы: Бұрынғыдан да жақсы айқасатын боламын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен өтетін қарымта кездесуінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Алғашқы жекпе-жек кезінде және одан кейін өздерінің нағыз бет-бейнелерін ашқан адамдар қаншама. Бір емес, бірнеше адамды меңзеп отырмын. Мен өзімнің және «Канелоның» кім екенін, оның қазіргі деңгейін жақсы білемін. Рематчтағы қарсыласымның осал емес екені де белгілі. Алайда енді алғашқы жекпе-жекті ойламаймын. Бірінші кездесуде жеңіске жетіп, рингтен барлық чемпиондық белдіктеріммен қайттым. Бұл жақсы айқас болды, алайда дәл қазіргі жағдай бөлек. Мен алғашқы кездесуден кейін рематчқа, «Канелоға» және оның промоутеріне деген қарым-қатынасымды айқындап алдым. Келесі кездесуде жаңа төрешілер мен рефери отырады, сондықтан әлем мүлде басқа жекпе-жекті тамашалайтын болады. Абельмен [Санчес] лагерьде жаңа қимылдарды пысықтадық. Дәл қазір өзімді бақытты әрі мықты сезінемін. Жанкүйерлеріме мексикалық стильдегі ойын көрсеткім келеді. Бұл жолы чемпиондық титулдарым үшін бұрынғыдан да жақсы айқасатын боламын», - деп мәлім етті Геннадий Головкин Boxingtalk.com сайтына берген сұхбатында.

Головкин мен «Канелоның» бірінші айқасы 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталды. Рематч 15 қыркүйекте сол жерде өтеді.  

Соңғы жаңалықтар