Головкин Р4Р рейтингінің үздік үштігіне енбей қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Sports Illustrated басылымы әлемнің үздік боксшыларының салмақ санаттарынан тыс (pound-for-pound) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Үздік 10 спортшының тізімінде бірінші орында украиналық боксшы Василий Ломаченко тұр. Екінші орынға Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альварес орналасса, көшбасшылар үштігін АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд тұйықтады.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин тізімде бесінші позицияда тұр.

«GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жектер Головкиннің беделіне нұқсан келтірген жоқ және ол орташа дивизионда 2019 жылға «оқтаулы» күйі, өз титулдарын және ең жоғары позицияны қайтарып алу мүмкіндігімен аяқ басып отыр. Геннадийдің келесі жекпе-жегі кіммен болатыны оның қай тележеліге қосылатынына байланысты. Орта салмақтағы чемпиондық титулдар, сондай-ақ Альвареспен үшінші айқас - DAZN-да болады. Сонымен қатар, егер Головкин Эл Хэймонмен келісімшартқа отырса, Джермалл Чарломен кездесуі де мүмкін», - деп жазады басылым.

Басылым жариялаған ТОП-10 келесідей:

1. Василий Ломаченко
2. Сауль «Канело» Альварес
3. Теренс Кроуфорд
4. Александр Усик
5. Геннадий Головкин
6. Майки Гарсия
7. Эррол Спенс
8. Срисакет Сор Рунгвисаи
9. Наоя Иноуэ
10. Лео Санта Крус

Соңғы жаңалықтар