+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Головкин промоутеріне сын айтты

2021 жылғы 25 қараша 16:15
Бөлісіңіз:
Головкин промоутеріне сын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альварестің екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион болу жолындағы жеңістер топтамасы оны еш әсерде қалдырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Швецияны жеңді Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» елордада «Витязьге» жол берді

Геннадий «Канелоның» осы дивизиондағы оппозициясы деңгейіне, сондай-ақ промоутер Эдди Хриннің оның мансабын ілгерілету әдісіне қатысты сұрақтар туындағанын айтты.

Еске сала кетсек, Альварес барлық титулдар үшін күрес жолын 2020 жылдың желтоқсанында әуелі WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион, Ұлыбритания боксшысы Каллум Смитті, одан кейін түрік спортшысы Авни Йылдырым, тағы бір британдық спортшы Билли Джо Сандерс және американдық Калеб Плантты жеңген.

«Шынымды айтсам, мен боксшылардың бұл топтамасынан аздап шаршадым. Олар көшірме сияқты құрылған. Эдди Хирн спортшыларының әрқайсысын бірінен соң бірін таныстырғысы келетіндей. Бұл – бәріміз шаршап кеткен роман сияқты. Шындыққа тура қарайтын кез келді. Осыны тоқтататындай ар-ұят болу керек. Әлдеқайда қызықты басқа да мүмкіндіктер бар», - деді ол Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT