Головкин пен Монро жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Геннадий Головкин мен кіші Вилли Монро арасында 16 мамыр күні Калифорнияда болатын жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды BoxingScene.com.

Геннадий Головкиннің таразыдағы салмағы 165 фунтты (74,8 келі) көрсетті.

Монро алдын ала екі өлшенуден бас тартқан болатын, егер ол Головкинді жеңген жағдайда Коттоға қарсы өткізілетін жекпе-жекке міндетті үміткер болмайды, ал WBC Уақытша чемпионының атағы бос болып қала береді.

Осыған қарамастан, Бүкіләлемдік бокс кеңесі барлық медициналық және сақтандыру шығындарын жабады, өйткені американдық боксшы ұйымның титулдық жекпе-жегіне қатысады.

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы жаңартылған «Форум» аренасында өтеді. Ол Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні шамамен сағат 8-де басталады, деп хабарлайды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар