Головкин P4P рейтингіндегі позициясын сақтап қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бокс жайлы жазатын британдық көне журнал Boxing News-тың (1909 жылдан бері шығады) сайты салмақ санатынан тыс (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтинг көшбасшыларының үштігі өзгерген жоқ: бірінші орында украиналық Василий Ломаченко, екінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес, үшінші орында қазақстандық Геннадий Головкин тұр.

Төрттен онға дейінгі орындар келесідей:

4 (4). Теренс Кроуфорд

5 (6). Александр Усик

6 (5). Срисакет Сор Рунгвисаи

7 (-). Эррол Спенс

8 (7). Майки Гарсия

9 (8). Лео Санта Круз

10 (9). Наоя Иноуэ

Соңғы жаңалықтар