Головкин P4P-рейтингіндегі орнын жоғалтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «The Ring» беделді журналы әлемнің үздік боксшыларының салмақ санатынан тыс жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс журналының жаңартылған рейтингінде украиналық боксшы Василий Ломаченко (11-1-0,9КО) көш бастап тұр. Ал АҚШ спортшысы Теренс Кроуфорд (33-0-0,24КО) - екінші орынға, орта салмақтың жаңа чемпионы мексикалық Сауль Альварес (50-1-2,34КО) үшінші орынға орналасқан.

Рound-for-pound-ның көп жылдар бойғы көшбасшысы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өз мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін 4-інші орынға түсіп қалды. 

«The Ring» журналы ұсынған ТОП-10 боксшы:

1. Василий Ломаченко (Украина)

2. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

3. Сауль Альварес (Мексика)

4. Геннадий Головкин (Қазақстан)

5. Александр Усик (Украина)

6. Майки Гарсия (АҚШ)

7. Наоя Иноуэ (Жапония)

8. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)

9. Эррол Спенс (АҚШ)

10. Донни Ньетес (Филиппин)

Соңғы жаңалықтар