Головкин өзін екіжүзді деп санайтын «Канелоға» жауап берді
2022 жылғы 25 маусым 23:23

Головкин өзін екіжүзді деп санайтын «Канелоға» жауап берді

ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында өзін екіжүзді деп санайтын Сауль «Канело» Альвареске жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Бүгін Лос-Анджелесте «Головкин – Альварес» жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылғанын, онда боксшылар көз арбасу процедурасын өткізгенін жазған болатынбыз.

Бұған дейін «Канело» бұл айқас өзі үшін «жеке текетірес» екенін айтқан еді. Сондай-ақ ол Головкинді бірнеше рет сөзбен қағытып, оны екіжүзді деп санайтынын мәлімдеді.

«Бұл мен үшін жеке мәселе деп айтпас едім. Өзімді жақсы, не жаман адам екенімді біреуге дәлелдеуге талпынбаймын. Қандай адам болсам, сол қалпымдамын. Және айтып өтейін: жеке басқа қатысты сезімім жоқ – мен бокстасуға шығамын. Егер менің жеке басыма қатысты мәселесі болса, бұл менің проблемам емес. Бұл оның шешімі. Оның түсінігін қалайша өзгертуім керек?», - деді Г.Головкин баспасөз мәслихатында.

Қос боксшының трилогиясы алдында екі баспасөз мәслихаты ұйымдастырылатыны осыған дейін хабарланды. Біріншісі 24 маусымда өтсе, екіншісі 27 маусымға (Нью-Йорк) жоспарланған.



Еске салсақ, Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді . Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болады. Олардың бұған дейінгі соңғы екі кездесуі де дәл сол жерде өтті. Әлемдік жекпе-жекттің біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді. Бірақ кейін көптеген сарапшылар бұл нәтижені әділетсіз деп атады.

Үшінші жекпе-жек суперорта салмақта өтеді.




Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT