Головкин осы уақытта Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қазақстандық боксшы, WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин өз жанкүйерлері үшін ашық жаттығу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге қосылыңдар, достар! 28 тамыз күні LA Live-те GGG мен «Канелоның» ашық жаттығуы өтеді», - деп Инстаграмда жазған Геннадий бокссүйер қауым үшін кіру тегін екендігін атап өткен болатын.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар