+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Головкин орта салмақтың патшасы атанды

2021 жылғы 26 қараша 11:51
Бөлісіңіз:
Головкин орта салмақтың патшасы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Givemesport.com сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша қазіргі аты әйгілі боксшыларға арналған материал шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі: Алина Дауранова үшінші орын алды Иранда 3 алтын еншілеген 12 жасар қыз елдің үздік жүзушісі атанды Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ресейлік «Тюмень» командасымен кездеседі

Сайт материалында орта салмақ дәрежесінің гегемоны болып IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танылды.

«Орта салмақтағы дивизионның өз көшбасшысы бар, ол Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлерінің тынысын тарылтып «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жүргенде, GGG орта салмақтағы көшбасшылықты қарсыластарына тигізген темір жұдырығымен иеленіп отыр. Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері», - делінген мақалада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT