Головкин оңаша қалып жаттығуға кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Геннадий Головкиннің Дэниэл  Джейкобспен жекпе-жегінің алдындағы жаттығуы түсірілген видео шықты. Түсірілім Калифорниядағы Big Bear жаттығу лагерінде жүргізілген, бұл спортшының туған жеріне қатты ұқсас, деп жазады ВКонтакте  желісіндегі ресми GGG тобы.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) наурыз айында Madison Square Garden алаңында өтетін америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездесуге бар күшін салып дайындалуда.
Таулы, әрі ауасы таза осы жаттығу лагері көптеген спортшылардың көңілінен шығады. GGG бапкері Абель Санчестің айтуынша, Big Bear алқабы Головкинге оңаша қалуға, дайындыққа ғана мән беруге қолайлылығымен сондай-ақ, табиғаты Қазақстанға келетіндігімен ұнайды.



Фото/видео: vk.com/ggolovkin

Соңғы жаңалықтар