+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Головкин: Олар мені допингке бес рет тексерді

2017 жылғы 15 наурыз 23:42
Бөлісіңіз:
Головкин: Олар мені допингке бес рет тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (VADA) ұйымдастырған допинг-сынамаларға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, барлығына таза жауынгер екенімді көрсеткім келеді. Бокс спорттың таза түрі болуы тиіс. Олар мені бес рет тексерді. Меніңше, әрбір боксшы осылай жасауы тиіс. Алға, жігіттер!», - деді Головкин.

Еске салайық, 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Головкин америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық телеарналар айқасты тікелей эфирден көрсетеді.

Қазақстандық спортшы бұдан кейінгі кездесуін Қазақстанда өткізгісі келетіндігін айтқан болатын. «Жекпе-жекті үйге алып келгім келеді, себебі, оны әрқайсысы өз көзімен көруді қалайды, тарих үшін. Бұл керемет қой, адамдар мұны сезінгісі келеді. Мен өз халқымды қатты құрметтеймін. Олар мені ұдайы қолдап отырады, бұл өте маңызды», - деп атап өтті Головкин.

Бірақ жекпе-жектің болжалды уақыты мен GGG ықтимал қарсыласы туралы әзірге айтылмауда. Кейбір БАҚ-тар бұл кездесуде Головкиннің қарсыласы WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болуы мүмкіндігін жазған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесіп, онымен ЭКСПО-2017 көрмесіне орай бокс-ивент өткізу мүмкіндігін талқылады. Кейін бұл мәселені Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да көтерген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT