Головкин Муратаны жеңсе, кіммен жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ring TV тілшісі Франсиско Салазар Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) Хайме Мунгиямен (38-0, 30 КО) жұдырықтасқанын көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкин желтоқсанның соңында Муратаны жеңетін болса, оның Мунгиямен жұдырықтасқанын көргім келеді. GGG өте күшті және ол рингте жағдайды өз бақылауында ұстап үйренген. Ал Мунгия жас әрі кідіріссіз соққы беруді ұнатады. Осындай қасиет еилерінің кездесуі меніңше, керемет қызықты болады»,-дейді Салазар.

Головкиннің жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуіне келсек, ол 29 желтоқсанда Сайтамеде (Жапония) өтеді. Олар орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақ үшін сынға түседі.



Соңғы жаңалықтар