Головкин - Мурата жекпе-жегіне байланысты тағы да қиындықтар туындады

None
None
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Youtube-тағы американдық Box-or-Die арнасы егер Жапония үкіметі алдағы айларда шетелдіктер үшін шекараны ашпаса Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің басқа елге ауысу мүмкіндігіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

- Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Пандемия тағы бір жылға созылса ше? Әрине, Головкин мен Мұрата АҚШ-та жұдырықтасуы мүмкін еді, бірақ штаттарда бұл жекпе-жек Жапониядағыдай ауқымды болмайды. Идеяның мәні Жапонияда жекпе-жекті ұйымдастыру болып табылады. Мурата жанкүйерлерінің фанаттары өте көп, сондықтан мол кіріс табуға болады. Сондай-ақ, айқасты көршілес Азия елдерінің біріне ауыстыруға да болар еді, - деп атап өтеді арна авторы.


Соңғы жаңалықтар