Головкин – Мурата айқасы бокс әлеміндегі «өзгеше» жекпе-жек болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниялық Marca басылымының жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек бүгінде ұйымдастырылуы мүмкін ең «кәрі» әлем чемпиондары арасындағы айқасқа айналуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айында IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Головин 40 жасқа толған, ал WBA Super титулының иегері Мурата таяуда 36-шы туған күнін қарсы алды. Осылайша, олардың жекпе-жегі 2022 жылы өтсе, екеуінің жалпы жасы 76-дан асады.

Бұл ретте GGG кәсіпқой бокстағы қазіргі әлем чемпиондарының ішінде ең «қарт» боксшы болса, Мурата аталған рейтингте бесінші орыннан көрінді. Екінші орында WBC тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы әлем чемпионы, 39 жастағы филиппиндік Нонито Донир тұр. Одан кейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы латвиялық Майрис Бриедис (37 жас) және WBC және IBF белбеулерінің иегері ресейлік боксшы Артур Бетербиев бар, ол да 21 қаңтарда 37-ге толады.



Соңғы жаңалықтар