Головкин Мэйвезермен кездесуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта 3 нұсқа бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Флойд кіші Мэйвезермен кездесуден әлі де үмітті, деп жазады sports.kz.

«Егер біздің қызықтыратын ұсыныс түсетін болса, Головкин Мэейвезермен 69,85 келі салмақта кездесуге дайын. Алайда Мэйвезердің командасы бос әңгімені көп айтады»,-деді Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес.

Айта кетейік, тамызда Флойд Мэйвезер ММА жұлдызы Конор Макгрегормен кездесуінде мезгілінен бұрын жеңіске жетті. Ал, Геннадий Головкин болса, қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен кездесіп, тең түсті.

Соңғы жаңалықтар