Головкин менсіз ешкім емес - Альварес
2018 жылғы 7 қыркүйек 13:34

Головкин менсіз ешкім емес - Альварес

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге ашулы екенін және оған ауыр сөздер айтудан жасқанбайтынын жеткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

«Головкиннің мен болмасам, ешқандай салмағы жоқ. Осыншама ірі жекпе-жекте маған қарсы шығуына мүмкіндік бергенім үшін алғыс айтуы керек. Әйтпесе оның менсіз мұндай деңгейдегі айқасқа шығуы екіталай еді», - деді мексикалықспортшы ESPN-ге берген сұхбатында.

Jańalyqtar

MURAǴAT