Головкин менен қашып жүр - Әлем чемпионы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы, орта салмақ санатында «уақытша» WBC чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен 160 фунт санатында көп жұмыс істедім, енді үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Мен осы күнге дейін шыдадым, енді үлкен жекпе-жектердің уақыты келді деп ойлаймын. GGG немесе «Канело»? Менің жасым 29-да, оларға қарсы тұра аламын. Мен олардың үнін өшіргім келеді, өйткені 160 фунт - менің санатым! Бірақ олар менен қашып жүр. Андраде? Айттым ғой, орта салмақта белдігі бардың бәрімен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Менен қашып жүргендері тегін емес, өйткені мен одан ақылдымын, күштімін», - дейді Чарло.

Соңғы жаңалықтар