Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланған - промоутер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерстің қалауы бойынша онымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА vRINGe.com-ға сілтеме жасап.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) мамыр-маусым аралығында кездесу өткізуге келісе алмағанмен, бұл мәміле өзектілігін жойған жоқ. Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзіне қарағанда, жекпе-жекті күзде ұйымдастыру үшін келіссөздер жүріп жатыр.

«Мен Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім, Головкин-Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлап жатырмыз. Билл қолынан жарақат алған еді. Ал Головкиннің командасы жекпе-жекті 5 мамыр күні өткізуді жоспарлаған. Бұл жекпе-жекті маусымда өткізу де мүмкін болмай тұр», - дейді ол BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

«Оның үстіне Билл 23 маусымда Мартин Марреймен кездесіп, титулын қорғайды. Жеңген жағдайда, күзде Головкинмен кездесуде титулдарды біріктіру мүмкіндігі туады. Ол ауқымды кездесу болатын еді, біз оны Британияда қуана өткізер едік», - дейді Фрэнк.

Соңғы жаңалықтар