Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Головкин мен Роллстан антидопинг сынамасы күтпеген жерден алынады

2019 жылғы 13 мамыр 08:41 2055
Бөлісіңіз:
Головкин мен Роллстан антидопинг сынамасы күтпеген жерден алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның қарсыласы канадалық Стив Роллс жекпе-жек алдында Допингке ерікті тестілеу қауымдастығының (VADA) бағдарламасына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин бір жылдық жоспарымен бөлісті Головкиннің бапкері «Канеломен» жекпе-жек қалай аяқталатынын болжады

VADA-ның тыйым салынған заттарды қолдануға қарсы күрес бағдарламасы аясында қос боксшы допингке кез келген уақытта тексерілетін болады.

«VADA Testing Геннадий Головкин мен Стив Роллсты біздің бағдарламада көруге қуанышты! #ТазаБокс», - деп жазылған қауымдастықтың Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, Головкин-Роллс айқасы 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Олар ешбір титулға таласпайды. Кездесу 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл, Геннадийдің DAZN стримингтік сервисіндегі және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстың басшылығындағы дебютті жекпе-жегі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT