Головкин мен Роллс көз арбасқаннан кейін мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) көз арбасқаннан кейін, желіге суреттерін жариялады деп хабарлайды Sports.kz.

«Жекпе-жекке дейін алты күн», - деп жазды Роллс Instagram парақшасында.

«Келесі аптада! Кері санауды бастаймыз», - деді Головкин.

Еске сала кетейік, Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусым (Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым таңында) Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында болады. Осы кездесу Головкиннің DAZN платформасымен келісімшарты аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.


Фотосуреттер әлеуметтік желілерден алынған

Соңғы жаңалықтар