+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Головкин мен Роллс екінші рет көз арбасты

2019 жылғы 24 сәуір 07:49
Бөлісіңіз:
 Головкин мен Роллс екінші рет көз арбасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) екінші рет баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин 8 маусым күні «тамаша шоу» сыйлайтынын тағы да атап өтті, сондай-ақ Роллсты қарсылас ретінде таңдауы кездейсоқ еместігін тілге тиек етті. «Стив осы жекпе-жекке лайықты. Меніңше, ол осы жекпе-жек үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған бірден-бір боксшы болды, сондықтан да осы жекпе-жекті алды», - деді Головкин.

Роллс, өз кезегінде, жекпе-жекте жеңіске жету үшін де қолынан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді.

Баспасөз мәслихатынан кейін Головкин мен Роллс дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Олардың жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Нью-Йоркте қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT